Каспийде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Бас прокуратура Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын хабарлады.

ortcom.kz

Астана, NEGE. Жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр.

«Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амаладарының кешені жүргізілуде», – делінген прокуратура хабарламасында.

Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Бас прокуратура өкілдері тергеу барысы ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді.