Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

Каспий жағалауынан аққулардың өлекселері табылды. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Lada.kz

Астана, NEGE. Режиссер Қанат Майлыбаевтың айтуынша, ол 23–24 наурыз күндері досының үйіне қонаққа келген. Үй теңіз жағасына жақын болғандықтан, серуендеп қайту үшін жағалауға барған. Сол кезде ол алаңдатарлық көрініске тап болған.

Сайын Шапағатов ауылы маңында, зиратқа қарсы беттегі Каспий жағалауынан бірнеше өлі аққуды байқаған. Режиссердің айтуынша, олардың арасында жақында ғана өлгендері де, жағалауда біраз уақыттан бері жатқан құстар да болған.

«Меніңше, бұл жаққа ешкім келе бермейді, өйткені маңайда үйлер жоқ. Мен ол жерде бірде-бір адамды кездестірмедім. Оның үстіне теңіз қатты тартылып кеткен. Мүмкін, сондықтан адамдар бұл жаққа бармайтын шығар», – дейді Қанат Майлыбаев.

Ол жағалаумен әрі қарай жүрмегенін, алайда алыстан қарағанның өзінде тағы да көптеген өлі аққуды байқағанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

Серік Сәпиев тағы бір қызметке тағайындалды

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?