Каспий жағалауынан 80-нен астам итбалықтың өлексесі табылды

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауынан Қызыл кітапқа енген 88 итбалықтың өлексесі табылды.

Гидробиология және экология институты

Алматы, NEGE. Бұл деректі полиция тіркеп, тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

«Қазгидромет» мәліметінше, Каспий теңізінің акваториясында соңғы уақытта батыс бағыттағы желдер басым болған. Осы желмен 88 итбалықтың өлексесі жағалауға айдалып келген.

Ал Гидробиология және экология институтының хабарлауынша, табылған өлекселердің шіру дәрежесі тым жоғары – бұл жағдай олардың сынамасын сапалы түрде алуға кедергі келтіріп отыр. Соның салдарынан токсикологиялық немесе патологоанатомиялық зерттеу жүргізу мүмкін емес.

Жануарлардың өлу себебін нақты анықтау қиын. Себебі олардың өлгеніне шамамен 2–3 апта өткен. Осы аралықта тіндердің ыдырауы қатты жүріп кеткен, – деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті.

Өлі итбалықтардың денесі Түпқараған ауданындағы арнайы полигонда жойылған.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады