Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенді

1 мамыр сағат 18:30 шамасында Атырау қаласы Тасқала ауылынан шамамен 40 шақырым жерде қамыстың жанып жатқаны анықталды.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жұмылдырылды.


Жалпы саны 101 адам, 21 бірлік техника оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Өртті сөндіруге қамыс баурайының биік (2-2,5 метр) әрі қалың болуы, сондай-ақ, аймақтың сулы-батпақты болуы қиындық туғызған. Сонымен қатар екпінді желден өрттің таралу аумағы күшейген.

Сағат 18:30 жағдай бойынша ТЖД және «АқЖайық» МТР бірлескен күштерімен қамыстың 50 га жуық аумағы сөндірілген. Шамамен 400 га аумақтағы өрт өздігінен өшті, өрттің жалпы аумағы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған

Маңғыстау әкімі Қазақстанның туы бейнеленген шайбамен ойнауға рұқсат бермеді

Әлемде әрбір алтыншы бала мектепке бара алмайды – ЮНЕСКО