Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

Каспий теңізінде 3,6 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды AZƏRTAC.

Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 18:13-те болған. Бюроның ақпаратына сәйкес, зілзаланың эпицентрі 58 шақырым тереңдікте орналасқан.

Айта кетейік, бұған дейін, 26 сәуір күні қазақстандық сейсмологтар Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 947 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеген еді.