2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Бүгін, 25 қыркүйекте іздестіру-құтқару жұмыстары барысында әскери оқу-жаттығу кезінде суға кеткен әскерилер – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денесі табылды.

Қорғаныс министрлігі

Астана, NEGE. Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясы аяқталғанын хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қарулы күштерінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ хабарламада қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық және психологиялық көмек көрсетілетіні айтылған.

Еске салайық, Каспий теңізінде оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, 17 әскери қызметші суға кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, қалған 14 әскери қызметші қаза тапты.