Каспий теңізінде екі адам құтқарылды

Маңғыстау облысында екі ер адамды құтқару сәтті аяқталды.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Бүгін 2000 жылы туылған Ақтөбе облысының екі тұрғыны sup board пен сырғанауға теңізге барған.

Ағын оларды теңізге алып кеткен. Агитациялық-профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде ТЖМ жедел құтқару жасағының құтқарушылары жағалаудан 1500 метр жерде «Солдат» жағажайы аумағында көмек сұраған адамдарды көрген.

Олар қайықпен жағалауға жеткізілді. Ер адамдардың жағдайы тұрақты. Медициналық көмек қажет болмады.

Қазір оқып жатыр

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті