Каспий теңізінде үлкен қара дақ табылды

16 тамыз күні «Мөлдір әлем» жобасының экологтары Каспий теңізі акваториясынан 82 шаршы шақырымға ластанған аумақты анықтады.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Sentinel-1A радиолокациялық суретінде алып, бөлшектенген қара дақ анықталған. Жоба өкілдерінің болжамынша, мұнай немесе балық аулағаннан кейінгі қалдықтар болуы мүмкін.

Дақ Қазақстан және Әзірбайжан секторларын қамтитын Құрық портынан Бакуге дейінгі кеме қатынасы бойымен созылып жатыр.

«Бұл енді судың бетіндегі кездейсоқ «лас жолақ» емес, Каспий картасындағы тұтас қара таңба», - деді «Мөлдір әлем» жобасының өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды