Каспий теңізінде аққулар қырылып жатыр

Каспий жағалауында аққулардың өлекселерінің табылуына байланысты Маңғыстау облысының экология департаментінің мамандары судан сынама алды, деп хабарлайды Lada.kz.

Lada.kz

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысының экология департаменті 4А ықшам ауданындағы теңіз жағалауынан бірнеше өлі құстың өлексесі табылғанын хабарлады.

Осыған байланысты 3 сәуірде экология департаментінің мамандары теңіз суынан сынама алу жұмыстарын жүргізді.

«Нәтижелер қосымша жарияланады», – деп хабарлады департамент.

Әлеуметтік желіде ақтаулықтар қала жағалауында өлген немесе әлсіреген аққулар туралы жиі хабарлап отырады.

Бұған дейін 4А ықшам ауданындағы жағалауда демалушылар құстардың өлгенін көрген болатын. Осыдан кейін Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті 20 наурыздағы теңіз суын зерттеу хаттамасына сәйкес ластаушы заттар табылмағанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді