Kaspi.kz: Шоттағы ақша қайда?

Банк өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта техникалық ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы, NEGE. 28 қазанда Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулық орын алды. Соның нәтижесінде клиенттердің шоттарындағы қаражат дұрыс көрсетілмей қалған. Қазір картамен төлем жасау, банкоматтардан ақша алу мен толықтыру, ақша аудару сияқты қызметтер уақытша тоқтатылды. Компания Kaspi.kz жұмысын қалпына келтіру жолында жұмыс істеп жатыр. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі банкке кибер шабуыл жасалды деген ақпарат жалған. Ешқандай кибер шабуыл жасалған жоқ, ақаулық жөнделгеннен кейін клиенттердің ақшасы орнына қайтып келеді, делінген банк таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған