Kaspi.kz мақсатты модель аясында бірыңғай QR жүйесіне қосылды
Kaspi.kz мақсатты модельдің аясында ҚР Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясымен бірыңғай QR жүйесіне қосылу туралы келісімге қол қойды.
Алматы, NEGE. Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былайша түсіндіріп өтті:
«Биыл біз Ұлттық банкпен бірлесіп, әсіресе операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде белсенді жұмыс істедік. Бірыңғай QR жүйесіне қосылу — Қазақстанда кең, заманауи әрі қауіпсіз төлем инфрақұрылымын құрудағы маңызды қадам. Сүйікті клиенттеріміз жақын арада кез келген банктің QR-коды арқылы төлей алады».
Бірыңғай QR бойынша төлемдер Ұлттық Банктің орталық инфрақұрылымы арқылы өтеді. Барлық банктер бұл инфрақұрылымға тең талаптармен қосылады. Мақсатты модель клиенттер мен компанияларды алаяқтық тәуекелдерінен ең жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді.