Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Каспий теңізінде магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. 21 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 08:56-да Ақтаудан 405 шақырымдай жерде су астындағы жер сілкінісі тіркелген.

Дүмпулер 56 шақырым тереңдікте болды.