Kaspi кредит төлеу мерзімін 2 айға шегерді

Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты Kaspi басшысы Михаил Ломтадзе мәлімдеме жасады.

Алматы, NEGE. Ломтадзе 18 наурызға дейін алынған қарыздарға 2 ай көлемінде түсіністік танытатынын айтты. Мобильді қосымша арқылы онлайн өтініштер 2 сәуірден бастап қабылданады. 

«Бұл бірінші және соңғы сынақ емес. Біз осындай қиын кезеңдерде өзіміздің сүйікті тұтынушыларымыздың қасынан табылғымыз келеді. Барлық қазақстандықтарға денсаулық тілеймін! ДДСҰ барлық ескертпелерін негізге алыңыздар! Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет!» деді Ломтадзе. 

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды