Kaspi Жұма қалай өтіп жатыр?
Соңғы күндері Қазақстанның сауда орталықтарында сатып алушылар күрт көбейген. Халық қыс маусымына дайындалып жатыр. Сонымен қатар қарашаның 3, 4, 5-і күндері Kaspi Жұма тиімді сатып алу мерекесі өтуде.
Алматы, NEGE. Бұл күндері қазақстандықтар Kaspi.kz интернет-дүкенінен және Kaspi серіктес дүкендерінен кез келген тауарды 24 айға дейін бөліп төлеу арқылы артық төлемсіз сатып ала алады. Сондықтан кешеден бері дүкендерде қарбалас көбейген.
Kaspi Жұма елімізде тоғызыншы рет өтіп жатыр екен. Қазірдің өзінде халық өзіне қажетті заттарын үйден шықпай-ақ алып жатыр. Өйткені Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен керекті тауарды үйге немесе Kaspi Postomat-қа тегін жеткізу арқылы тапсырыс беруге болады.
Адамдар дәл осы уақытта қысқы маусымға арналған заттарды: киім, жылытқыш құралдары, көлікке дөңгелек алып, қысқа қамданады. Еліміздегі компаниялар, шағын және орта бизнес өкілдері мерекеге қызу дайындық жүргізіпті. Өйткені Kaspi Жұма кезінде кәсіпкерлер де сауда көлемін арттырады.
«Біз көліктерге арналған қысқы дөңгелектерді сатумен айналысамыз. Биыл жеке кәсіп ашқанымызға – 1 жылдан асты. Бірақ кәсібімнің қыр-сырын танығаныма 3 жыл болды. Kaspi.kz кәсібіміздің дамуына көп септігін тигізді. Kaspi Жұма кезінде қысқы дөңгелек алушылар саны айтарлықтай артты. Қосымша жұмыс күшін де тартып жатырмыз. Биыл бірінші рет қатысып отырсақ та игілігін көріп жатырмыз», дейді кәсіпкер Төлеген Ақылбеков.
ARIAN дүкенінің негізін қалаушы Данияр Білдебаевтың айтуынша, дәл осы күндері тауар жеткізіп үлгермей қалады екен.
«Биыл үшінші жыл қатарынан Kaspi Жұмаға қатысып жатырмыз. Біздің дүкен ерлерге арналған киімдерді сатады. Дәл қазіргі маусымда қысқы күртешелер жақсы өтіп жатыр. Kaspi.kz арқылы сауда қарқыны артты. Еліміздің әр қаласынан тапсырыстар үздіксіз келіп жатыр. Барлығы да тиімді ұсыныстарды пайдаланғысы келеді. Үлгермей қалып жатқан да жайымыз бар. Сонда да барлығын дер кезінде атқаруға барымызды саламыз. Kaspi Жұма кәсібімізді дөңгелетуге көп мүмкіндік беріп жатыр», дейді кәсіпкер.
Күзгі Kaspi Жұма-ға Adidas, EuroMebel, Intertop, Invictus Fitnes, Lucente, KIMEX, Kama-Center, Kazajuvelir, Mechta, Mon Amie, Marwin, Nike, Pandora, RESPECT, Sulpak, Technodom, 12 MONTHS, Zeta сияқты танымал брендтер де қатысып жатыр.
Kaspi Жұма шағын және орта бизнес пен қарапайым тұтынушыдан бастап барлығы үшін қолайлы. Kaspi Жұма отбасылық бюджетке көп салмақ салмай, сатып алудың тиімді мүмкіндігіне айналды. Ал ШОБ үшін сауда көлемін арттыруға жақсы мүмкіндік. Сондықтан 3,4,5 қараша күндері сауда орталықтары мереке алаңына айналған.