Kaspi Alipay+ сервисінде Kaspi Pay шотынан төлем жасауды іске қосты

Қазақстандықтардың көпшілігі Қытайда сатып алған заттың ақысын Kaspi.kz мобильді қосымшасында Alipay+ сервисі арқылы төлейді.

Kaspi.kz

Алматы, NEGE. Жеке кәсіпкерлер де бұл сервисті, мысалы, Қытайдан тауар сатып алу үшін пайдаланатын. Ол үшін алдымен Kaspi Pay бизнес-шотынан Kaspi Gold картасына ақша аудару керек болатын.

Енді жеке кәсіпкер тікелей Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Alipay сервисінде Kaspi Pay шотынан төлем жасай алады. Бұл ыңғайлы және валюталық заңнаманың талаптарына толық сәйкес келеді.

Сатып алған заттың ақысын Kaspi Pay шотынан төлеу Kaspi.kz серіктестері – барлық ЖК-ге қолжетімді. Толығырақ серіктестерге арналған Kaspi Гид сервисінен оқыңыз.

Қазір оқып жатыр

Парламент қарауына бес конституциялық заң енгізіледі

Қазақстанда тағы бір рақымшылық жариялануы мүмкін

Тоқаев жаңа Конституцияға қол қойды

Қытай, Түркия, Ресей: Қай елдің азаматтары Қазақстан заңнамасын жиі бұзады?