Қасқыр талаған әйел ауруханада көз жұмды

Қасқыр талағаннан кейін Меңдіқара аудандық аурухансында ем алып жатқан әйел көз жұмды. Фактіні облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

Алматы, NEGE. «Қасқыр талағаннан кейін Меңдіқара ауруханасында ем алып жатқан әйел расымен де қайтыс болды. Оның қандай себептен көз жұмғанын мүрдені зерттегеннен кейін ғана айта аламыз», – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Жергіліктің БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға 6 маусым күні болған. Сол күні қасқыр Ұзынағаш ауылының екі тұрғынына – жоғарыда аталған әйел адам мен 19 жастағы жігітке атылған. Қасқырды ауыл тұрғындарының біреуі өлтірген.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады