Қаскелеңдегі аудандық сот ғимаратынан зорлау ісі бойынша сотталып жатқан күдікті қашып кетті

Қаскелең қаласындағы аудандық соттың ғимаратынан қамаудағы азамат қашып кеткен.  Ол зорлау ісі бойынша күдікті деп танылған. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Қазір оны әртіп сақшылары іздестіріп жатыр. Күдікті қашып кеткеннен кейін бірден арнайы «Сирена» жоспары енгізілді.

«1 сәуір күні сағат 10:35-те Алматы облысының Қаскелең қаласында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігімен көзделген зорлау қылмысын жасады деген күдікке ілінген 1995 жылы туған сотқа дейінгі қамаудағы азамат аудандық соттың аумағынан қашып кеткен», - делінген полиция таратқан мәліметте. 

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды