Қаскелеңде жарылыс болды

Қаскелең қаласында көпқабатты үйде газ жарылды.

Алматы, NEGE. Оқиға түскі уақытта көпқабатты үйдің бесінші қабатында болды. Көпқабатты үйде газ жарылды, өрт шықпаған. Жеті адам зардап шекті. Жарылыс салдарынан бөлмеаралық қабырғалар бүлінген.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды.

"Тұрғындарды уақытша басқа үйлерге көшіріп, үйді қалпына келтіруге көмектеседі", – делінген әкімдік баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жарылыс салдарынан жеті адам зардап шеккенін және 2009 жылғы бала жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапқанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен