Қаскелен қаласының «VIP–казашкасы» жауапкершілікке тартылды

16 қаңтарда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жүргізуші автокөлік құралын басқара отырып, жол қозғалысы ережелерін бұзған бейне орнатылғанын хабарлаймыз, деп жазды Полиция.

Алматы, NEGE. Қарасай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді, оның нәтижесі бойынша ЖҚЕ бұзған 2001 жылғы "Е" есімді азаматша бейне авторы анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 591-бабы 2-бөлігі, 230-бабы 2-бөлігі тәртібінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. "TOYOTA Prado" маркалы автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.