«Кәсіптік біліктілік туралы» заң аясында тәуелсіз сертификаттау енгізіледі

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Алматы, NEGE. «Тәуелсіз сертификаттау жүйесі жаңа жұмысқа орналасу және іздеу кезінде бірінші кезекте түлектерді орналастыру үшін «катализатор» болады, сондай-ақ әрбір маманға өз құзыреттерін нақты бағалауға, дағдыларын құжат түрінде растауға мүмкіндік береді», – деді Ордабаев.

Сертификат жұмысқа қабылдау кезінде кейбір мамандықтар бойынша негізгі құжатқа айналады. Бұл ретте формальды және баламалы білім беру процесінде алынған құзыреттер бағаланатын болады.