Кәсіпкерлердің құқығы қалай қорғалады?

Кәсіпкерлер құқығын қорғау – агенттіктің басым бағыттарының бірі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың өңірге жұмыс сапары барысында мәлім етілді.

Алматы, NEGE. Алик Шпекбаев жұмыс сапарының екінші күні мемлекеттік органдар, қаржы институттары, табиғи монополиялар субъектілері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өкілдерінің қатысуымен «Бизнеске арналған үкімет» фронт-кеңсесінің мүмкіндіктерімен танысты.

Мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске қажетті барлық қызмет көрсету үдерісі орталықтандырылған.

«Бизнесті қорғау және қолдау – агенттіктің басты басымдықтарының бірі. Тек биылғы жылдың он айында біз 300-ге жуық кәсіпкердің құқығын қорғап, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуының 160 дерегінің жолын кестік», – деді А.Шпекбаев.

Агенттік төрағасы сондай-ақ «Protecting business and investments» жобасы аясында жемқорлыққа қарсы сүйемелденетін «Кублей» және «Квант» кәсіпорындарының өндірістік тыныс-тіршілігімен және өнімдерімен танысты. Айта кету керек, екі жыл ішінде өңірде жалпы құны 853 млрд теңгені құрайтын жобаларды жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы 22 келісімге қол қойылды.

«Елбасы атап өткендей, экономиканың 60-70 пайызы шет елдердегідей жеке қолда болуы тиіс. Бұған қол жеткізу үшін біз жұмыс істеп тұрған бизнесті қорғап қана қоймай, болашақ кәсіпкерлерге жайлы, тұрақты және сыбайлас жемқорлықтан таза кәсіпкерліктің барлық жағдайлары бар екенін және жыл сайын тек жақсара түсетінін көрсетуіміз керек», – деп мәлімдеді инвесторлармен кездесуде А.Шпекбаев.

Агенттік басшысы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде, сервис және жаңа технологиялар колледжінде болып, сондай-ақ геопорталды дамытуға, мобильді қосымшалар арқылы мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға және облыс әкімдігіне сервистік үлгіні енгізуге белсенді қатысатын «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметіне ден қойды.

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?