Кәсіпкерлер тыныс алу аппараттарын таратты

Павлодар облысының кәсіпкерлері провизорлық орталықтарды Бобров аппараттары, дәрілік препараттар және минералды сумен қамтамасыз етті. Ал волонтерлер уақытпен санаспай еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне азық-түлік себеттерін таратты.

Алматы, NEGE. Облыс жастары «Мың алғыс» акциясын қолға алған. Ол жұқпалы дертке қарсы тұрған дәрігерлерді қолдауға бағытталады. Бүгінгі таңда Павлодар облысында  коронавирус жұқтырған 2 мыңға жуық науқастың тең жартысы жазылып шықты. Бірақ пневмония дерті өршіп барады. Соңғы кезде қос өкпесі қабынған адамдар саны күрт  артқан. Облыстық кардиологиялық орталықта осыдан бір ай бұрын 270 орындық провизорлық орталық ашылған болатын. Қазір онда бос орын жоқ. Орталықтың бас дәрігері Самал Ақылжанованың айтуынша, тәулік бойы жұмыс істейтін дәрігерлер, медбикелер мен санитарлар да көмекке зәру. Ал кәсіпкерлер әкелген апараттар адам өмірін сақтап  қалуға сеп болады.

Кәсіпкер Михаил Желнов: "Бобров аппараттарын әкеліп жатырмыз. Ол ағзаны оттекпен байытады. Науқасты сауықтыруға таптырмас құрал. Аппараттар Түркияда жасалған. Көптеген адамның өмірін сақтап қалады деп үміттенемін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қалталы азаматтарды адам өмірін сақтап қалуға атсалысуға шақырамын. Біздің елімізде олардың саны өте көп. Бұл халықтың басына түскен үлкен қасірет. Оны бірге жеңуге ұйымшылдық керек. Көп науқастар сіздердің көмектеріңізге зәру. Көмектесейік", - деді.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған