Кәсіпкерлер індет жұқтырған науқастар мен дәрігерлерді тегін тамақтандырды

Тараздық кәсіпкерлер ауруханадағы індет жұқтырған науқастар мен дәрігерлерді тегін тамақтандырды.

Алматы, NEGE. Қайырымды іске қаладағы үш сауда орны мен базар иесі ұйытқы болған. Олар 300 адамға күріш, сорпа сияқты түскі ас дайындап, 150 литр суды ауруханаға жеткізіп берді. Осылайша, кәсіпкерлер сала мамандарына деген құрметі мен қоғамдағы жағдайға бей-жай қарамайтынын білдірді. Ұйымдастырушылар «бұндай бір реттік шара көпшілікке ой салып, жұқпалы аурумен бәріміз бірлесе күрессек қана нәтиже шығады» дейді.

Кәсіпкер Руслан Мырсапарұлы: "Бүкіл әлемде болып жатқан індет тарап жатқанына бізде көмегімізді берсек пе деген ойымыз болды. Соны бүгін ұйымдастырдық. Басқаларды да осындай іс-шара ұйымдастыруға шақырамыз", - деді.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді