Кәсіпкерді отбасымен өлтірген
Батыс Қазақстанда кәсіпкерді бүкіл отбасымен бірге өлтіріп кетті
. Қайғылы оқиға 14 қаңтар күні кешке Бәйтерек ауданындағы Янайкино ауылында болды, деп хабарлайды өңірлік «Мой город» порталы.
Алматы, NEGE. Кәсіпкер Александр Запрометов, оның әйелі мен ұлының денесі Янайкино ауылының шетіндегі өртенген үйден табылды. Кешкі сағат он шамасында ауылдың шетіндегі үйде өрт шығады. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үйдің ішінен үш адамның мәйітін тапты. Олар – 66 жастағы Александр Запрометов, оның әйелі және 42 жастағы ұлы. Үшеуін де пышақтаған. Қылмыс орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.
Запрометов 1987 жылдан Янайкино совхозының басшысы болды, кейін «Лесное» ЖШС-ын құрып, мал шаруашылығымен айналысқан.