Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік уәли Фейсбуктегі парақшасында.
Алматы, NEGE. «Бүгін Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады. Сондай-ақ қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады» делінген хабарламада.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев «Отпантау-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуын бақылайды.