Қасым-Жомарт Тоқаев видеоүндеу жасайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық дөңгелек үстел отырысында өндіруші салалар мәселелері бойынша сөз сөйлейді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 20:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейне үндеу жасайды. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді", - деп жазды Берік Уәли.

Жиынның тікелей көрсетілімін БҰҰ-ның веб-сайтынан көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты