Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі

.  

Астана, NEGE. Президентті өңір орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады.

Түстен кейін Президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.