6 сентября 2023 г. 2:10

Қасым-Жомарт Тоқаев Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды

Фото:

Президент жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, сондай-ақ университетті одан әрі дамыту стратегиясымен  танысты.

Алматы, NEGE. Университет ректоры Әлімжан Игенбаевтың айтуынша, мұнда 8500-ден астам студент оқиды. Олардың арасында Орталық Азия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Индонезия секілді мемлекеттердің азаматтары бар.  Сонымен қатар оқу ордасында 500-ге жуық профессор жұмыс істейді.

Мемлекет басшысына университетте қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика және IT салалары бойынша жобаларды жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, ғылыми зертханалар жұмыс істейтіні туралы баяндалды. Бұдан бөлек, университет шетелдік 70 жоғары оқу орнымен байланыс орнатқан, сондай-ақ Erasmus бағдарламасына, академиялық ұтқырлық пен тәжірибе алмасуға қатысты басқа да жобаларға қатысады.

Тегтер: