Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс экономикалық форумына қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс экономикалық форумына қатысады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында хабарлады. «3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады. Жыл сайын Владивостокта өтетін форумның биылғы тақырыбы «Құбылмалы әлемдегі Қиыр Шығыстың жаңа мүмкіндіктері». Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланбақ» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті