Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке барады
28 желтоқсанда Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барады.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Жаңа жыл қарсаңында мұндай форматтағы кездесулер дәстүрге айналған. Шара барысында Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың нәтижелері, көпжақты өзара іс-қимылды дамыту және Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру перспективалары талқыланады деп күтілуде.
Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарау жоспарлануда.