Қасым-Жомарт Тоқаев: Референдумда әр азаматтың дауысы маңызды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде 5 маусым күні өтетін республикалық реферндумның маңызына тоқталды.

Алматы, NEGE. «5 маусымда республикалық референдум өтеді. Ата заңымызға өзгерістер енгізіледі. Халқымыз осындай бетбұрысты кезеңде ел болашағын айқындауға тікелей атсалысатын болады. Жауапты сәтте әр азаматымыздың дауысы айрықша рөл атқарады», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент бизнес өкілдерімен 4 ай бұрын болған кездесуге тоқталды.

«Өткен жолғы басқосуда өзара пікір алмасып, жаңа ұстанымдарды айқындадық. Бірлесе жұмыс істеудің жолдарын нақтыладық. Мен бірқатар тапсырма бердім. Төрт ай деген аса көп уақыт емес. Бірақ, осы аралықта ел ішінде және әлемде талай нәрсе өзгерді. Жаңа Қазақстанды құруға кірістік»», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?