Қасым-Жомарт Тоқаев MODEX Astana темірбетон конструкцияларын шығаратын зауытқа барды

MODEX Astana – BI Group холдингінің еншілес кәсіпорны. Компания 2020 жылдан бастап жұмыс істейді және онда 360 адам еңбек етеді. Жобаның құны – 16 миллиард теңге.

Алматы, NEGE. Кәсіпорында индустриялық-модульдік құрылыстың инновациялық технологиялары қолданылады.

BI Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаевтың айтуынша, модульдік үйдің құрылысы әртүрлі ғимарат салу уақытын едәуір қысқартуға, олардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл халықтың басым бөлігі үшін тұрғын үйдің қолжетімді болуына ықпал етеді.

Аталған технологияны үйлердің, коттедждер мен тұрғын үй кешендерінің құрылысы кезінде ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу барысында да қолдануға болады.

Компания құрылған күннен бастап осы технология бойынша жалпы ауданы 200 мың шаршы метрден астам нысандар салды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті