Қасым-Жомарт Тоқаев Лукашенконы құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь қарым-қатынасының негізгі аспектілерін талқылады. Президенттер екі ел арасындағы сауда-экономикалық дамудың оң динамикасын айтты.

Екі ел басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасты. Қазақстан мен Беларусь Республикасының Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық құрылымдар аясында өзара ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді