Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы індетке байланысты үкіметке тапсырма берді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында Қытайдағы коронавирус індетіне қатысты ақпарат қалдырды.
Алматы, NEGE.
«Үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды», - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.
Қытайдың Ухань қаласында анықталып, тарала бастағалы бері коронавирустің жаңа түрі кемінде 56 адамның өмірін қиғкан, ауру жұқтырғандар саны 2 000 адамға жетті.
Бірқатар еуропалық ғалым Қытай жаңа вирусты ауыздықтап ұстай алмауы мүмкін деген қауіп айтуда. Вирусолог мамандар 20109-nCoV коронавирусы Қытайда ас ретіндек кеңінекн пайдаланылатын жыланнан шықты деген болжам айтуда.