Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды. Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады. «Мемлекет басшысы бірқатар индустриалды өндіріс орнын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған», - деп жазды Б.Уәли. Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатына барады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды