Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Хабар» Агенттігі» АҚ құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды.

Астана, NEGE.  Берік Уәли Мемлекет басшысына алдағы кезеңде іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде айтты.

Сонымен қатар Президентке Агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда Агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды