Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын CLAAS зауытына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын CLAAS зауытына барды.

Алматы, NEGE. Президентке зауытта құрастырылған астық жинайтын тракторлар, комбайндар мен тұқым себетін техникалар көрсетіліп, кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарлары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы CLAAS компаниясының халықаралық беделін жоғары бағалап, германиялық концернмен ұзақмерзімді ынтымақтастық орнату қажет екенін атап өтті.

– CLAAS өнімдерінің Қазақстан нарығына келуі бұл үлкен жетістік. Бұны өте ірі инвестициялық оқиға деуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Түріктің YDA HOLDING компаниясының басқарма төрағасы Арслан Хусейн Петропавлда халықаралық JCI стандарттарына сәйкес 625 орындық заманауи көпсалалы аурухана құрылысының басталғанынан хабардар етті. Аризона университетінің (АҚШ) жаһандық мәселелер жөніндегі вице-президенті Брент Уайт аталған оқу орнының Kozybayev University-мен ынтымақтастық орнату жөніндегі жоспарын айтты. Бұл келісім қазақстандық жоғары оқу орнын америкалық білім беру мекемесіндегі академиялық технологиялармен қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті