Қасым-Жомарт Тоқаев: Алаш қайраткерлері – бірегей тарихи тұлғалар

Мемлекет басшысы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы сынды ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Алматы,  NEGE.   Ескерткішті ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алаш қайраткерлерінің мемориалына гүл шоғын қойып, салтанатты шараға қатысушылардың алдында сөз сөйледі.

Президент Алаш арыстарына арналған ескерткіштің Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Елорда күніне орай ашылуының символдық мәні зор екенін атап өтті.

– Әлихан – Алашорда үкіметін басқарған мемлекет қайраткері. Ахмет – халқымызды білім мен ғылымға жетелеп, рухани ұстаз болған әйгілі ағартушы. Міржақып – ұлт бірлігі ұранына айналған «Оян қазақ» пен тұңғыш қазақ романының авторы, көрнекті қаламгер. Үш қайраткер де – бірегей тарихи тұлғалар. Бұл ескерткіш – барша Алаш ардақтыларына деген құрметіміздің көрінісі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің арқасында ұзақ жылдар бойы халық жауы атанып, қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш арыстарының еңбектері лайықты бағасын алып, олардың есімдері қайта жаңғырып жатқанына тоқталды. 

«Өкінішке қарай, түгелге жуығы халық жауы атанып, қуғын-сүргін құрбаны болды. Еңбектері жойылды, ұзақ жылдар бойы олардың атын атауға тыйым салынды. Бірақ, ұлтымыз ұлы перзенттерінің есімін санасынан өшірмей, жадында сақтай білді. Тәуелсіздік жылдарында Алаш идеясы мен Алаш мұрасы түбегейлі қайта қаралды. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Алаш» автономиясының 100 жылдығын атап өттік. Биыл Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы Тәуелсіздік мерекесі аясында өтіп жатыр. Біз Алаш арыстарының есімін жаңғыртып, тарихи рөліне баға беруді қолға алдық. Менің Жарлығыммен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды», – деді Мемлекет басшысы. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті