2 сентября 2025 г. 8:24
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пен Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды
Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі, соның ішінде 70-тен аса Қытайдың ірі корпорацияларының жетекшілері қатысып отыр.