Қасым-Жомарт Тоқаев Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің кеңесшісі – Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысына Баку қаласында өткен БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-конференциясының басты қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Президентке 3 желтоқсан күні Эр-Рияд қаласында өтетін One Water Summit халықаралық іс-шарасына әзірлік барысы баяндалды. Аталған саммит Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің және Сауд Арабиясының қолдауымен ұйымдастырылады.

Президент Қазақстанның экология, су ресурстары және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы бастамаларын сапалы іске асыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады