Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Бакуге келді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында өтетін Дүниежүзілік климат саммитіне қатыcу үшін Бакуге жұмыс сапарымен келді.

Президент сапар барысында мемлекеттер басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен және бизнес-құрылым өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.