Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Қазан қаласына жұмыс сапарымен келді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен келді

Сапар аясында Қазақстан Президенті екіжақты кездесулер өткізіп, БРИКС-тің «аутрич»/«БРИКС » форматындағы пленарлық отырысында сөз сөйлейді.