24 июля 2025 г. 17:14

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айтты 

Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспсөз қызметі хабарлады. 

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты», – делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, Амур облысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 43 жолаушы (оның ішінде 5 бала) және 6 экипаж мүшесі болған. Соңғы деректерге сүйенсек, борттағы 49 адамның барлығы қаза тапты.