28 октября 2024 г. 16:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен келді

Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен келді.

 Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.