Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан жастары өз халқының тарихын дұрыс түсіне отырып, болашаққа үмітпен және сеніммен қарауға тиіс.
Астана, NEGE. Мемлекет басшысының айтуынша, мұң, қайғы, күйзеліс – жастарымызға жат нәрсе болуы керек.
«Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек. Бұл жөнінде үнемі айтып келемін. Біздің кейбір қаламгерлеріміз "мұң" деген сөзді жақсы көреді: "жүрегімде мұң, көзімде мұң"! Мұң-қайғы жастық шаққа, жастарға жараспайды. Еліміздің жастары оптимист болып, еңсере алмайтын қиындық жоқ екенін білуі қажет», – деді Президент Республикалық тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, Қазақстан халқы өз күш-қуатына сенетін, мықты ұлтқа айналуы керек.