Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД аясында Креативті индустрия қауымдастығын құруды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесінде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, Креативті индустрия қауымдастығын құруды ұсынды.

Ақорда

Алматы, NEGE. Бұл қауымдастық ТМД-ның гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры базасында жұмыс істеп, жас таланттарды қолдауға, бірлескен жобаларды іске асыруға және креативті экономиканың экожүйесін дамытуға бағытталуы тиіс.

"Бүгінде креативті секторымыздағы қосылған құн 2 миллиард доллардан асады. Бұл индустрияда 143 мың адам жұмыс істейді", – деді Президент.

Қазір оқып жатыр

Талғарда 20 жастағы жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды

«Халықты адастыру»: депутат ІІМ-ді қатаң сынады

Британия парламенті жастарға темекі сатуға өмір бойы тыйым салатын заңды мақұлдады

Рахат Тұрлыхановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды