Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Астана, NEGE. Кездесуде білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Президент бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше барлық елдердің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев тіл мәселесіне тоқталып өтті. Оның пікірінше, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы аса өзекті екенін атап өтті.