Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын әрі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас тәжік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланысты нығайтуға Тәжікстан Президентінің қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Тараптар алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Қазір оқып жатыр

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады