Қасым-Жомарт Тоқаев СOP29 cаммитінде бірқатар елдің делегация басшыларымен әңгімелесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда

Алматы, NEGE. COP29 Дүниежүзілік климат саммитінің аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармермен, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаянмен, Молдова Президенті Майя Сандумен, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен және басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, аз-кем әңгімелесті.

Кездесулер барысында әртүрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы, жаһандық климаттың күн тәртібі, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады