Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ даму банкін құру туралы бастаманы қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ аясындағы қаржылық, экономикалық, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған барлық үдеріске Қазақстанның белсенді қатысатынын мәлімдеді.

Ақорда

Алматы, NEGE. – ШЫҰ даму банкін құру туралы бастаманы құптаймыз. Оның Ұйымға мүше елдердің экономикасын өркендетуді мақсат ететін пайдалы қаржы институты болатынына сенімдіміз. Қазақстан өңірдегі өзара байланысты одан әрі нығайту ісіне жан-жақты жәрдемдесуге дайын. «Бір белдеу, бір жол» жобасын одан әрі дамытуға және оны Еуразиялық экономикалық одақпен, сондай-ақ Солтүстік – Оңтүстік, Орта дәліз бағыттарымен ұштастыруға мұқият мән беру қажет, – деді Президент.

Мемлекет басшысының пікірінше, жасанды интеллектіні қолданудың ережесі мен этикалық стандарттарын әзірлеу өзекті мәселеге айналды.

Бұл ретте ол Қытайдың Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық бойынша жаһандық ұйым құрып, штаб-пәтерін Шанхайда орналастыру ұсынысына қолдау білдірді.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған